«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Ұлы дала” жеңімпаздары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада “Amanat” партиясы­ның дәс­түрлі “Ұлы дала” рес­публикалық шығармашылық байқауы­ның қо­рытындысы салтанатты түрде жария­лан­ды. Биыл әдеби дода Алаш ақыны, ұлт қайраткері Мағжан Жұ­мабаевтың 130 жыл­дығына арналды.

Сөз басында Мәжіліс спикері, “Amanat” партиясының төрағасы Ер­лан Қошанов ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шы­ғару мәселесі әрдайым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың назарында екенін және мем­лекет, партия тарапынан мәдениетке, әде­биетке қолдан келгенше көмек көр­сетіле беретінін атап өтті.

“Әдебиеттегі жас буын үшін “Ұлы дала” байқауы айтулы оқиғаға ай­налды. Осы маңызды іс-шараны жыл сайын Тәуелсіздік күніне орай­ластырып өткіземіз. Өйткені ұлт тәуелсіздігінің рухани тірегі – оның тілі мен әдебиеті, мәдениеті. Біз өз тарапымыздан сіздерді қолдауға әр­дайым әзірміз”, – деді ол.

Ерлан Қошановтың пікі­рінше, қа­зір қоғамдық кеселге айналған есірт­кі, лудоманияның белең алуы “Руха­ни қалқан­ның” болмауы­нан. Сондық­тан оқырманға осы заман­ның бол­мы­сын бейне­лей­тін тың туын­дылар, образдар мен жаңа кейіп­керлер керек. Төраға кітап­сүйер қауым жаңа тол­қын қалам­герлерден салмақ­ты, мағыналы дү­ниелер күтіп отыр­ғанын айтты.

“Біз кітаппен өмір сүрдік. Әде­биет бізге моральдық, рухани қалқан болды. Ал рухани қалқан деге­ні­міз не? Ол – жас­тарды, өскелең ұр­пақты дұрыс жолға бағыттап, бұрыс жолдан сақтайтын құндылықтары­мыз. Бұрын қоғамды кітап тәрбие­­ле­се, қазір интернет пен көше тәрбие­леп жатыр. Мұның жолы – жас ұрпақ­ты отан­шыл­дық­қа, ізгілікке, адамгер­шілікке тәр­бие­леу. Ал ол құндылық­тар­дың бәрі – кітапта, әдебиетте. Бұл туралы Мемлекет басшысы да әр­дайым айтып келеді”, – деді пар­тия төрағасы.

Аталған байқау осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Биыл әдеби дода­ның облыстық іріктеуі ұйымдастыры­лып, байқауға бас-аяғы 300-ден ас­там шығарма келіп түсті. Оның 170-і шешуші кезеңге жолдама алды.

“Ұлы дала” байқауына “Әдеби сын” аталымын енгізу үлкен жаңалық бол­ды. Жалпы әдеби сын болма­йын­ша, әдебиет дамымайды. Бай­қау­ға бір емес, бірнеше материал келіп түсті. Оның бәрін ой елегінен өткі­зіп, лайықты бағасын бердік. Сон­дықтан бұл жанрға келешекте ба­рынша көңіл бөлу керек”, – деді қазы­лар алқасының мүшесі, әдеби сын­шы Амангелді Кеңшілікұлы.

Сонымен “Поэзия” аталымы бо­йын­ша бірінші орынды Ұмтыл За­рыққан, екінші орынды Айзада Ра­хым­жанова, үшінші орынды Ербол Алшынбай иеленді. Ал “Проза” ата­лымында бірінші орынға Бақытбек Қадыр, екінші орынға Саян Сек­сен­баев, үшінші орынға Мерей Қай­нарұлы лайық деп танылды.

“Балаларға арналған шығар­ма” аталымы бойынша бірінші орынды Нұрбек Кеңес­бай, екінші орынды Абай Орын­бай, үшін­ші орынды Ақмарал Омарова қанжығалады. “Драма­тур­гия” аталымында бірінші орын­ды Қанат Тілеухан, екінші орын­ды Тайбек Абдуллин, үшін­ші орынды Қуат Қиықбай жеңіп алды.

“Әдеби сын” аталымы бойынша бірінші орын Біржан Ахмерге, екінші орын Анар Абдул­линаға, үшінші орын Мейір Оразғалиевке бұйырды. Соны­мен қатар “Алаш аманаты” ар­найы сыйлығын зерттеуші-ғалым Бақ­тияр Бәтеу, “Мағжан Жұма­баев­тың 130 жылдығы” сыйлығын ақын, сатирик Абылай Мауданов иеленді.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp