«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заң талабы орындалмаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жолда жүру қауіпсіздігін тексер­ген облыс прокурорлары жергілікті атқарушы органдар мен өңірдің по­лиция бөлімшелерінде жүйелі заң ­бұзушылықтарды анықтады.

Облыс прокуратурасының мәлі­метінше, жергілікті атқарушы орган­дардың лауазымды адамдары “Жол қозғалысы туралы” Заңның 24-бабының талаптарын бұза оты­рып, жол қозғалысы туралы поли­ция ор­гандарының 79 ұйғарымы бойынша шара қабылдамаған. Яғни жол жа­мылғысын белгіленген норматив­терге сәйкестендіруге асықпаған.

Заң талабына сай білім беру мекемесінің жанында жол белгілері мен таңбалары болуы қажет. Об­лыс­тағы күн сайын 6 мыңнан астам бала баратын 83 мектепте мұндай белгілер мүлдем болмаған.

Денсаулығы бойынша көлік жүргізуге тыйым са­лынған 138 адамда жүргізуші куәлік­терінің барлығы анықталды. Со­ның бірі – Н. деген адамға сот арқы­лы көлік құралын басқаруға тыйым салынды. Қалғандары бойынша қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жа­тыр.

Полиция органдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының талаптарын бұзып, 17 құқық бұзушыны жол қозғалысы ережелері туралы білімін тексеруге жіберу туралы қаулы шығармаған.

Қадағалау органының актілері бойынша 22 лауазымды тұлға, оның ішінде облыстық әкімшілік по­лиция бөлімшелерінің қызметкер­лері мен Айыртау ауданы әкімінің орынбаса­ры тәртіптік жауапкер­шілікке тар­тылды, жіберілген заң бұзушылықтарды жою және осы са­ладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp