БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМСАЛАДЫ?
Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірдің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Жиын барысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант үш жылдық бюджеттік жоспар аясында қай салаға қанша қаржы бағытталатынын баяндады. – Ендігі жылы білім беру саласына 148 млрд. теңге, денсаулық сақтау жүйесіне 9 млрд. теңге қарастырылған. Мәдениет саласына 5 млрд. теңге бөлінеді. Спорт саласына 1 …