«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫҒА ҚАЖЕТІ — ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көлік министрі Марат Қарабаев облысқа жұмыс сапарымен келіп, кө­лік инфрақұрылымының жағ­дайы­мен танысып, бірқатар нысан­дарды аралады.

Салалық ведомство басшысы алдымен С.Мұқанов атындағы об­лыс­тық ғылыми-әмбебап кітапхана­да жұртшылықпен кездесіп, олар­дың тарапынан қойылған көкейкесті сауалдарға жауап берді. Жиынға ав­то­мобиль жолдары, темір жол және су көлігі, азаматтық авиация, ав­то­мобиль көлігі және көліктік ба­қылау комитеттерінің, “ҚазАв­тоЖол” ҰК, Жол активтері ұлттық ор­талығының жетекші­лері қатысты.

Ашық форматта ұйымдасты­рылған кездесу барысында жол-көлік саласына қатысты маңызды мә­селелер көтерілді.

Тұрғындар елдің оңтүстік өңірлерімен байланыстыратын әуе қа­тынасын ашуға, Ғабит Мүсірепов атын­дағы аудандағы Алматы – Ека­теринбург республикалық тас жолы арқылы жүк тасымалдайтын кө­лік­терге бақылауды күшейтуге қатыс­ты өз ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар Петропавлда және аудандарда қоғамдық көлік та­сымалы, жеке жолаушылар тасы­ма­лын дамыту, автобус жүргізушіле­рі­нің тапшылығына байланысты мә­селені шешуге ықпал ететін D сана­тындағы жүргізуші куәлігін алу та­лаптарын жеңілдету бойынша кәсіпкерлердің бастамасы талқыланды.

Жергілікті тұрғындармен кезде­су­­ден кейін министр негізгі көлік инфрақұрылымы объектілерін аралады.

Алдымен Петропавл қаласындағы темір жол вокзалында болды. “Ресей темір жолдары” АҚ-ның бастамасымен қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстары үш жылдың ішінде тап-тұйнақтай атқарылып, заманауи үлгідегі нысан жолаушыларға барлық жағынан ыңғайлы етіп жасалған. Қызмет көрсету сапасы да жақсара түсті. Қазір мұнда үш лифт және эскалатор ор­натылған. Ғимараттың шатыры ауыстырылып, қасбеті, таблолар мен желдеткіш жүйесі толық жаңар­тылған. Бұл мақсаттар үшін 3 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Бұдан кейін министр автовок­зал­ға барды. Мұнда да ғимараттың іші талапқа сай қайта жабдықтал­­ған. Бір­неше халықаралық, облыс­ара­лық және ауданаралық бағыттар бар.

Петропавл халықаралық әуе­жайы­ның тыныс-тіршілігі де назар­дан тыс қалмады. Сенімді басқаруға берілген нысан жұмыс істеп тұр. Бірақ ұшақтар Астана мен Алматыға ғана қатынайды. Бұл бағыттарға бюджет есебінен субсидия бөлі­неді.

Ал облыстық әкімдікте өткен алқалы басқосуда автокөлік жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp