«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәслихат депутаттарының тұңғыш форумы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында “Amanat” партиясы депутаттарының алғашқы форумы өтті. Шараға жиылғандар партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыру мәселелерін, депутаттық фракциялардың жұмысын талқылады. Жиынға барлық деңгейдегі депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының, жергілікті атқарушы орган­дардың өкілдері жиналды. Сонымен қатар шараға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода қатысып, сөз сөйледі.

– Баршаңызды аймақ дамуын­дағы маңызды оқиға, бүгінгі форум­ның ашылуымен құттықтаймын. Бүгін­гі жиында Мемлекет басшысы айқындаған реформаны іске асыру аясында маңызды мәселелер талқыланады. Тәуелсіздік жылдары өңірде көптеген түйткіл шешімін тауып, ауқымды істер жүзеге асырылды. Биылғы 11 айдың қорытын­дысы бойынша өңірдегі маңызды салаларда өсім бар. Экономика, құ­рылыс, инвестиция тартуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.  Өңір диқандары 3,7 млн. тонна астық жинады. Жыл басынан бері өңір экономикасына 382 млрд. теңге инвестиция құйылды. Ел Пре­зиденті өз сөзінде тұрғындардың мә­селелері жергілікті деңгейде шеші­мін табуы керек екенін айтты. Бұл ретте түрлі деңгейдегі мәслихат де­путаттарына артылар міндет зор, – деді Қанат Дүзелбаев.

Кейін партиядан бір мандаттық жүйе арқылы сайланған Мәжіліс де­путаты Еркебұлан Мәмбетов сөз алып, төменгі палатада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Мәжілістің аграрлық мәселелер жө­ніндегі комитетіне мүше ол ауыл ша­руашылығы саласындағы түйткілдер қалай шешіліп жатқанын сөз етті.

– Біз бірінші кезекте ауылдың, ауыл шаруашылығы саласының, тауар өндірушілердің мәселесін кө­те­реміз. Мәселен, биыл күзде ке­ңей­тілген отырыс барысында қолайсыз ауа райы салдарынан зардап шеккен шаруалардың жайы тал­қыланып, мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Субси­дия бойынша қарыздарды қайтару, несие мерзімдерін ұзарту, алдағы егіс науқаны үшін тұқым қорын жи­нау, астық тасымалын тиімді ұйым­дастыру мәселелері комитеттің тұ­рақты бақылауында. Бұдан бөлек, өңір­ді газдандыру, су желілерін тар­ту, көші-қон мәселесіне қатысты түйт­кілдерді де көтеріп келеміз, –  деді депутат.

Одан кейін Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. “Amanat” партиясы фракция­сының жетекшісі Ирина Эктова депутаттардың жұмысы жөнінде есеп берді. Эко­номика және қаржы басқармасы­ның басшысы Қуанышбек Қалижа­нов әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталып, жол картасын жүзеге асырудың кей ба­ғыттары бойынша артта қалушы­лық бар екенін жеткізді. Кейін партияның өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов баяндама жа­сады.

Жалпы отырыстан кейін форум жұ­мысы панельдік сессияларда жал­ғасты. Онда жиналғандар өңір экономикасының нақты секторын дамыту, солтүстікқазақстандық­тар­дың өмір сүру сапасын арттыру, депутаттардың сайлаушылармен жұмысы мәселелерін талқыға салды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp