«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағылымды әңгіме

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітапханада тәуел­сіздікке арналған жиын өтті. Аға буын өкілдері мен жас­тар кездесіп, өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол, тұ­шымды әңгі­ме өрбітті.

Қазіргі жастарға қазақ жері тәуелсіз ел атанғанға дейін небір зұлмат­ты жылдарды бастан өткергенін ай­тып отырған абзал. Себебі мына кең байтақ жерді ұрпаққа аманаттау үшін арпалысқан батырларымыздың ерлі­гі, жанқиярлығы ұмытылмауы керек. Одан бері аға буынның елді дамыту, мемлекеттің іргесін нығайту үшін қа­жырлы еңбек еткені әлі де ел есінде. Сондықтан бүгінгідей тәуелсіз, еге­мен елді қалыптастыруға үлесте­рін қосқан ардагерлердің жастарға өмір жолынан сыр шертіп, көрген-білгенін, ақыл-кеңестерін айтуы орын­ды.

Жастармен кездесуге келген құр­метті қонақтың бірі – Тілек Әбдірах­манов. Еңбек ардагері 40 жыл бойы байланыс саласында қызмет ет­кен. Қазақстанның қалыптасу кезеңі көз алдында өткен оның айтары мол. Содан да болар жиында екі буынның өкілдері қысылмай, ой­ла­рын ашық айтып, еркін тақырыпта сөйлесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы қиыншылықты аға буынның айтқанынан ғана білетін жастар өткенді бүгінгі өмірлерімен салыстырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

– Қазақ халқы үшін тәуелсіздіктің маңызы зор. Себебі ғасырларға ұлас­қан озбыр саясаттың кесірінен қазақ­тың рухы жаншылды. Түп тамырымыздан ажырап қала жаздадық. Жас­тар осы ақиқатты білуі тиіс. Сондықтан аға буын өкілдерімен өтетін осындай кездесулер біз үшін пайдалы. Болашақта еліміз ешкімге тәуелді болмай, еркін дамуы үшін өскелең ұрпақ білімді, сауатты болуы керек. Қазір – білекті емес, білімді мыңды жығатын уақыт, – дейді М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті Ерлан Бекен.

Мәдина ҚАБИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp