«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мақала жазуға әуес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Тәуел­сіз­дік күніне орай мектеп оқушылары арасында “Жас қаламгер” байқауы өтті. Білім додасына өңір­дің орта білім ошақ­та­рынан 11 мен 17 жас аралығындағы 50-ге жуық бала қатысты.

Байқауда оқушылар “Бейне­ре­­портаж” және “Мектеп газеті” ата­лымдары бойынша сынға түсті. Биыл­ғы жас журналистер сынына қала мектептерінен бө­лек, ауылдағы білім ошақтары­ның жас журналистері өз еңбек­терін ұсынды.

– Сайыста бақтарын сына­ған 50 баланың ішінен 31 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оларға дип­ломдар мен естелік сыйлықтар та­бысталды, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Ораз­баева.

Байқау барысында жас жур­на­листерге білікті тілшілер ше­берлік сағаттарын ұйымдас­тырды.

– Біздің мектепте оқушы­ларға арналған “Мектеп хабары” газеті тұ­рақты шығып тұрады. Жас қалам­гер­лер қаланың та­рихы, білім ор­далары тақыры­бындағы материал­дарды жаз­ған­ды ұнатады. Осы жо­лы “Пет­ропавл – сүйікті қалам” тақы­рыбында қалам тербедік. Бай­қауда еңбегіміз бағаланып, 3-ші орынға ие болдық, – дейді №2 ар­найы мектеп-интернатының оқу­шы­сы Виктор Жолудев.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp