«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 21, 2023

Ауылдағы үздік мәдениет үйі

Петропавлда дәстүрлі “Үздік ауыл­дық мәдениет мекемесі” облыстық бай­қауы қорытындыланып, га­ла-концерт өтті. Биылғы байқау көрнекті қаламгер, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей­тойына арналды. Оның аясын­да 27 қазан мен 6 желтоқсан ара­лығында ау­дан орталықта­рын­дағы Мә­дениет үйлерінде концерт, көрме ұйымдастырылып, өнерпаз­дарға қазылар алқа­сы баға берді. “Үздік ауылдық мәдениет меке­месі байқауының мақсаты – бабадан мирас болған асыл мұраны …

Ауылдағы үздік мәдениет үйі Read More »

Мағжанның жайнамазы

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәді­герлердің бірі – Алаштың ардақты перзенті, ақын Мағжан Жұмабаевтың жайнамазы. Жайнамаздың көлемі әдеттегі­дей шағын. Шамамен 1,50 х 0,50 метр. Ұзақ жыл үздіксіз пайдаланыл­ғандықтан тесіліп, үш жеріне матадан жамау жапсырылған. Жәдігердің сәждеге маңдай тиер тұсында Ыс­танбұл қаласындағы ең көне ғимарат – Айя София мешітінің ХІХ ғасырдағы бейнесі салынған. Соған қарағанда бұл түрік …

Мағжанның жайнамазы Read More »

Дала қырандары

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қазақ күре­сінен “Дала қырандары” атты турнир өтті. Жа­рысқа “Қызылжар арлан­дары” клубының балуан­дары да қатысты. Дәстүрлі турнирде екі бірдей солтүстікқазақстандық спортшы жеңімпаз атанды. 55 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Еркебұлан Қалымбеков қарсы­лас шақ келтірмеді. 74 кило­граммда белдескен Батырхан Қайырбек те алтыннан алқа тағынды. Жеңімпаздарға “Дала қырандары” белбеуі мен 4,5 млн. теңгенің сертификаты та­быс­талды. …

Дала қырандары Read More »

Мас жүргізуші қауіпті

Жыл басынан бері облыста 383 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 26-сы мас жүргізушілердің кінә­сінен болған, соның салдарынан он бір ай ішінде 6 адам қаза тауып, 18-і түрлі дене жарақаттарын алған. Тәр­тіп сақшылары барлық жол қозға­лы­сы қатысушыларының тәртібін ны­ғайтуға бағытталған рейд­тік және жедел-профилак­тикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Облыс аумағында “Мас жүргізу­ші” жедел алдын алу іс-шарасы өт­кізілді. Полиция …

Мас жүргізуші қауіпті Read More »

Қолдан жасалған “ащы су”

Қызылжар аудандық полиция бө­лімінің қызметкерлері қала ма­ңын­дағы ауылдардың бірінен құрамында спирті бар сұйықтықтың ірі партиясын тәркіледі. Бес литрлік бөтелкелердегі алкоголь және акциздік маркалары бар “ащы су” егде жастағы ауыл тұр­ғынының үйіндегі шаруашылық ғима­ратында сақталған. Бұл фактіні учас­келік инспектор анықтады. Алдымен әйел адам полиция қызметкерін 977 литр алкогольді өз қажеттіліктерім үшін алдым деп сендіруге тырысқан. Алайда …

Қолдан жасалған “ащы су” Read More »

Мақала жазуға әуес

Петропавлда Тәуел­сіз­дік күніне орай мектеп оқушылары арасында “Жас қаламгер” байқауы өтті. Білім додасына өңір­дің орта білім ошақ­та­рынан 11 мен 17 жас аралығындағы 50-ге жуық бала қатысты. Байқауда оқушылар “Бейне­ре­­портаж” және “Мектеп газеті” ата­лымдары бойынша сынға түсті. Биыл­ғы жас журналистер сынына қала мектептерінен бө­лек, ауылдағы білім ошақтары­ның жас журналистері өз еңбек­терін ұсынды. – Сайыста бақтарын сына­ған …

Мақала жазуға әуес Read More »

Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңір

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің қалыпты және жоспарлы дамуын тежейтін, экономикалық өсуге кедергі келтіретін, инвестициялық ахуалды бұзатын, әлеуметтік саланың дамуына тұсау болатын ең күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан да мемлекет бұл жағымсыз әлеуметтік құбылысқа қарсы тұруға ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар мемлекеттік органдар азаматтық қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және жаңа өскелең ұрпақпен бірлескен іс-қимыл жасау …

Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен өңір Read More »

Шебер ұстаз — шәкірттеріне үлгі

Тәрбие басы – еңбек. Сондықтан әр ата-ана баласын жастайынан еңбек етуге баулиды. Кейін мектеп қабырғасында да баланы іске икемді болуға тәрбиелейді. Әсіресе мектепте сабақ беретін азаматтардың тікелей міндеті – бала бойына еңбекқорлық сынды қасиетті сіңіру. Бұл – Мағжан Жұмабаев ауданы Құралай ауылындағы Қызыл Қазақстан орталау мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қанат Исековтің күнделікті атқаратын ісі. Қанат …

Шебер ұстаз — шәкірттеріне үлгі Read More »

Нақты шешімдер

Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтіп, онда бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Соның бірі – Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңге арналған облыстық бюджетін бекіту. Бюджет жобасын облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант ұсынды. Депутаттар Берік Жанахметов пен Сәуле Сұрағанова аталған құжат бойынша ойларын айтып, бюджетте әлеуметтік салаға баса назар аударылғанын атап өтті. …

Нақты шешімдер Read More »

АЗАТТЫҚ — БАБАЛАР АМАНАТЫ

16 желтоқсан – күллі қазақ жұрты үшін қанша қуанышты болса, сонша қасіретті күн. Бұл күні жұртымыз азаттық жолында құрбан болған асыл перзенттерін еске алып, жүректерге мұң ұяласа, сол күндердің келмеске кеткенін, Тәуелсіздік таңы атқанын ойлағанда көңіл толқиды. Сондықтан да Тәуелсіздік күнін атап өту, ең алдымен, ұлтымыздың бостандығы үшін басын бәйгеге тігіп, мерт болған ерлерді еске …

АЗАТТЫҚ — БАБАЛАР АМАНАТЫ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚИЯРЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы бірқатар стратегиялық маңызды нысандарды аралады. Алдымен №2 жылу-электр орталығына барып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, “СевКазЭнерго” АҚ-ның бас директоры Анатолий Казановскийдің есебін тыңдады. Қазіргі таңда кәсіпорында 24 тәулікке жететін көмір қоры жинақталған. 6 қазандық үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде, көмір кестеге сай жеткізілуде. “Сақылдаған сары …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚИЯРЫ Read More »

“ТАЛЬГО” ПОЙЫЗЫ ТОҚТАМАЙДЫ

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Көлік министрі Марат Қарабаевтың қатысуымен жол саласы мәселелеріне арналған алқалы жиын өтті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет елді мекендердегі жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелерді ретке келтіруге 38 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 20 млрд. теңге жергілікті желіні дамытуға жұмсалғанын жеткізді. Қалпына келтірілген жолдардың …

“ТАЛЬГО” ПОЙЫЗЫ ТОҚТАМАЙДЫ Read More »