«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дала қырандары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қазақ күре­сінен “Дала қырандары” атты турнир өтті. Жа­рысқа “Қызылжар арлан­дары” клубының балуан­дары да қатысты.

Дәстүрлі турнирде екі бірдей солтүстікқазақстандық спортшы жеңімпаз атанды. 55 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Еркебұлан Қалымбеков қарсы­лас шақ келтірмеді. 74 кило­граммда белдескен Батырхан Қайырбек те алтыннан алқа тағынды. Жеңімпаздарға “Дала қырандары” белбеуі мен 4,5 млн. теңгенің сертификаты та­быс­талды.

Бұл турнир осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдас­ты­рылып келеді. Ел спортындағы маңызды оқиғалардың біріне ай­налып үлгерді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp