Жыл басынан бері облыста 383 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 26-сы мас жүргізушілердің кінәсінен болған, соның салдарынан он бір ай ішінде 6 адам қаза тауып, 18-і түрлі дене жарақаттарын алған. Тәртіп сақшылары барлық жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін нығайтуға бағытталған рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Облыс аумағында “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері облыс жолдарынан “ащы” суға сылқия тойып алған 10 көлік жүргізушісін анықтады. Олар жол қозғалысы ережелерін 1275 рет бұзған.
Көп жағдайда жүргізушілер қауіпсіздік белдігін пайдалану талабын елемейді. Шара барысында мұндай 140 факті тіркелді. 105 жүргізуші көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен, 53-і жылдамдықты арттырып, ал 17-сі жаяу жүргіншілерге жол бермеген.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.