«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолдан жасалған “ащы су”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар аудандық полиция бө­лімінің қызметкерлері қала ма­ңын­дағы ауылдардың бірінен құрамында спирті бар сұйықтықтың ірі партиясын тәркіледі. Бес литрлік бөтелкелердегі алкоголь және акциздік маркалары бар “ащы су” егде жастағы ауыл тұр­ғынының үйіндегі шаруашылық ғима­ратында сақталған. Бұл фактіні учас­келік инспектор анықтады. Алдымен әйел адам полиция қызметкерін 977 литр алкогольді өз қажеттіліктерім үшін алдым деп сендіруге тырысқан. Алайда полицияға ауыл тұрғынының 37 жастағы ұлы оның алкогольді қолдан жасап сататынын жеткізген.

– Тексеріс барысында бұл ақпа­рат расталды. Құрамында спирті бар өнім­дер тәркіленді, жиналған мате­риал­дар шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департа­ментіне жіберілді. Енді күдіктілер заң алдында жауап бермек, – дейді Қы­зылжар ау­дандық полиция бөлімінің бастығы, по­лиция полковнигі Әлихан Байқадамов.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp