Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңындағы ауылдардың бірінен құрамында спирті бар сұйықтықтың ірі партиясын тәркіледі. Бес литрлік бөтелкелердегі алкоголь және акциздік маркалары бар “ащы су” егде жастағы ауыл тұрғынының үйіндегі шаруашылық ғимаратында сақталған. Бұл фактіні учаскелік инспектор анықтады. Алдымен әйел адам полиция қызметкерін 977 литр алкогольді өз қажеттіліктерім үшін алдым деп сендіруге тырысқан. Алайда полицияға ауыл тұрғынының 37 жастағы ұлы оның алкогольді қолдан жасап сататынын жеткізген.
– Тексеріс барысында бұл ақпарат расталды. Құрамында спирті бар өнімдер тәркіленді, жиналған материалдар шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Енді күдіктілер заң алдында жауап бермек, – дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлихан Байқадамов.
Әсет ҚАНАФИН.