«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол үстіндегі жылқы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданында жолда жүйткіп келе жатқан “Lada Granta” автокөлігі жылқыны қағып кетті. Оқиға Көкшетау-Омбы автожолының елуінші шақырымында түнгі сағат 3.30 шамасында орын алған. Көлікті жүргізген Ақжар ауданының 58 жастағы тұрғынының айтуынша, Аймақ ауылынан бес шақырым жерде жолға кенеттен бір табын жылқы шыға келген. Машинаға механикалық зақым келтірілген. Жылқы орнынан тұрып, ары қарай шауып кеткен.

Қазір Тайынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бақташы мен табын иесін анықтап жатыр. Облыстық әкімшілік полиция басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес,тәртіп сақшылары биылғы он бір айда қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қараусыз жүрген жылқылардың иелеріне 3440 хаттама толтырған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp