«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Талабы таудай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласында “New Year’s Stars – 2023” республикалық бал-фестивалі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ақылына көркі сай қыз балалар қатысты.

Республикалық байқауда өңір намысын Қызылжар ауданына қарасты Полудино орта мектебінің оқушысы Томирис Лопарева қорғады. Оған сәндік және өнер бәйгелері таңсық емес. Бұған дейін солтүстікқазақстандық өрен “Super Star Beauty Qazaqstan – 2023” сайысында өнер көрсеткен болатын.

Биылғы сын үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар қазылар алқасы назарына карнавалдық костюмдерін ұсынып, екіншісінде шығармашылық нөмір дайындады. Томирис Лопарева “Жапон көбелегі” биін биледі. Үшінші кезеңде үміткерлер кешкі бал көйлектерін киіп, сахнаға шықты. Нәтижесінде жерлесіміз “Super grand prix” дипломына ие болып, байқаудың бас тәжін еншіледі.

– Байқау жоғары деңгейде өтті. Бірінші кезеңде қазылар алқасына “Самұрық құсы” костюмін ұсындым. Олардың барлығына ұнады деп ойлаймын. Мен Қазақстанның ең әдемі және дарынды қыздарымен кездескеніме өте қуаныштымын. Би билеуге шыққан кезде қатты қобалжыдым, бірақ білдіртпеуге тырыстым, – дейді Томирис Лопарева.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp