«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазиннің қатысуымен өткен отырыста Президенттің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Алмаз Ибраев кірісті. Бұған дейін Павлодар облыстық сотының судьясы болған ол 1977 жылы 2 шілдеде Ақмола облысы Зеренді ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, 2001 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын, 2019 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының магистрі. Әр жылдары Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының, Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының судьясы, Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының төрағасы, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы, Павлодар облыстық сотының судьясы қызметтерін атқарған. Судьялар одағының “Үш би” құрмет белгісімен марапатталған.

Облыстық соттың судьясы болып Әбдіқаххар Еркебаев тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметін атқарған.

Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болып Дәурен Қайратұлы, Шал ақын аудандық сотының төрағасы болып Татьяна Құрынова, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметін атқарған Дастан Исмаилов тағайындалды.

Ербол Әмірғалиұлы жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігі, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау жолында табысты жұмыс тіледі.

Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp