«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.11.2024

Өмірді сүю өзіңнен

Өңірімізде 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр. Оның 13 мыңнан астамы еңбек етуге қабілетті болса, 2 376-сы – бала. Он екі мүшесінде ақау болғанымен, қалыпты жағдайда өмір сүруге бейім жандарды бүгінде кез келген салада кездестіруге болады. Ел қатарлы еңбек етіп, мемлекеттің қолдауымен кәсіп ашып, елдің дамуына үлес қосып жүргендері қаншама?! Бір сөзбен айтқанда, …

Өмірді сүю өзіңнен Read More »

Басқармада – жаңа басшы

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бе­товтің өкімімен Ерден Ерболатұлы Шортыбаев облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызме­тіне кірісті. Ол осы тағайындауға дейін об­лыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызме­тін атқарған. Ерден Шортыбаев – өңірлік кадр резервінің өкілі. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кімдер декларация тапсырмайды?

“2025 жылдан бастап Қазақстан халқының бір бөлігі міндетті декларация тапсырудан босатылатын көрінеді. Осыған жан-жақты түсініктеме берсеңіздер”, – деген екен редакцияға жолдаған хатында Петропавл қаласының тұрғыны Есет Нұрғалымов. Оқырман сауалына облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Наталья Некрасова жауап берді. “Президент тапсырмасына сәйкес, цифрландыру деңге­йі­нің жеткілікті болуына байланысты 2025 жылға жоспарлан­ған соңғы кезеңдегі декларант­тар­ды міндетті есеп …

Кімдер декларация тапсырмайды? Read More »

СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Пет­ро­павл қаласы мен Қызылжар ауданы бойынша қорғанысы нығайтылып, кеңейті­ліп жатқан 8 бөгеттің құрылысын тексерді. Бұл жұмыстарға 158 техника тарты­лып, 1,5 миллион тонна инертті материал жет­кі­зіл­ген. Сөйтіп, бөгеттердің биіктігі ай­тар­лықтай ұлғайтылған. Прибрежное мен Теп­лич­ное ауылдарында жұмыс аяқ­талып, облыс орталығында жалғасуда. Мамандардың айтуынша, жан-жақты жүр­гізілген ғылыми талдамалар биылғы тас­­қын кезіндегі судың ең жоғары …

СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС Read More »

ЕЛ ЫРЫСЫ – ЕГІНДЕ

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай өткен жиын өңірдің агроөнеркәсіптік саладағы жетістіктерін қорытындылаудан басталды. Салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов биыл диқандар су тасқынына қарамастан көктемгі дала жұмыстарын уақытында аяқтағанын жеткізді. Зардап шеккен шаруаларға мемлекет тарапынан несие төлемдерін кейінге шегеру шаралары қабылданған. Диқандарға егіс жұмыстары үшін қосымша 420 млрд. теңге қаржы …

ЕЛ ЫРЫСЫ – ЕГІНДЕ Read More »

“ЕҢБЕК ЕТУ ЖАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК”

Ермек Бәкіров – Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша депутаты, әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінің директоры. “AMANAT” партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Қоғамға қызмет ету, мемле­кеттік мүддені ескере отырып, туындаған мәселелерді шешу, еліміздің өркендеуіне атсалысу, халыққа …

“ЕҢБЕК ЕТУ ЖАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫНА АЙНАЛУЫ КЕРЕК” Read More »

МАЛ БАР, ЖАЙЫЛЫМ ТАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс әкімімен кездесуге келген тұрғындар баспанамен қамту, егістік үшін жер беру, еңбекақы төлеу сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны Николай Кинцельдің ай­туын­ша, “Салахадин” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу­шы­ла­ры кәсіпорыннан заңсыз шығарыл­ған. Пайшылардың бір бөлігі жина­лыс хаттамасын заңсыз деп тану үшін сотқа жүгініпті, бірақ олардың бұл …

МАЛ БАР, ЖАЙЫЛЫМ ТАР Read More »

Шалғайдағы шырайлы ауыл

Қызылжар – сұлулығын сипаттауға тіл жетпейтін табиғаты ақ қайыңдармен көмкерілген, топырағы құнарлы қасиетті өңірлердің бірі. Сылдырай аққан ерке Есілдің қос жағалауы – орманды алқап, шабындығы мен жайылымы мол шұрайлы дала. Шалғайдағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға “Ауыл аманаты – ел аманаты” экспедициясын облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов бастап апарды. Есіл, Шал ақын аудандарын …

Шалғайдағы шырайлы ауыл Read More »

БАУЫРМАЛДЫҚ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ

Президент “Әділетті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, экономи­ка­лық өсім, қоғамдық оптимизм” Жолдауында әлеуметтік-экономи­калық, мәдени-рухани бағыт­тардағы бірегей шараларды жү­зеге асыруды көздейтін страте­гиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы ішкі-сыртқы жағдай қалыптас­ты­рудың маңызы өлшеусіз екенін айрықша атап көрсетті. “Бұл – қа­зіргі аса күрделі гео­саяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті та­лап ететін диплома­тияның мін­де­ті”, …

БАУЫРМАЛДЫҚ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ Read More »

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ҚАЗАСЫ

20 қараша күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің “КамАЗ” көлігі мен жеңіл машина соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, “JAC” жеңіл көлігінің рөлінде 1987 жылғы ер адам болған. Жол-көлік оқиғасы Петропавл – Ишим авто-жолында орын алған. Қазір осы факті бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. …

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ҚАЗАСЫ Read More »