«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘБИЛЕР ЖҮЗІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жыл – барша бүлдіршін­дердің асыға күтетін сүйікті мереке­сі. Бұл мейрамның жылдан-жылға жал­ғасып келе жатқан игі дәстүрлері бар. Мереке жақындаған сайын ба­ла­лар өз тілектерінің орындалуын қа­лап, үлкендерден сый-сияпат күте­ді. Желтоқсан айының соңында түр­лі мерекелік кештер мен арнайы концерттер ұйымдастырылады. Сол шаралардың ішінде ең ерекшесі – әр бүлдіршіннің арманы болған Прези­дент шыршасы. Оған оқу мен өнер­де, спортта жетістікке жеткен үздік оқушылар қатысып, ел Президенті атынан ұйымдастырылған мереке­лік шараның қонағы болады. Биыл­ғы шара Оқушылар сарайында өтті. Облыстың барлық ауданы мен Пет­ропавл қаласынан жиналған 200 бүлдіршінді Мемлекет басшысының атынан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов құттықтады.

“Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар мен педагогтар, ел Пре­зи­ден­тінің шыршасына қош келдіңіз­дер! Сіздерді Мемлекет басшысы­ның атынан келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бүгін күл­лі ел бойынша өздеріңдей үздік оқушылар шыршаның маңына жина­лып, мейрамды қарсы алуда. Бүгін­де сіздерге білім алып, спортпен ай­налысуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан да ерінбей оқып, биік же­тістіктерге жету керек”, – деді өңір басшысы.

Жаңа жылдық мейрамға озат оқу­шылар, олимпиадалардың жүлде­герлері, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан сәби­лер, жетiм және мүгедек балалар қа­тысты. Әрқайсысы мектеп форма­сын түрлі жаңа жылдық костюмдерге ауыстырып, өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ олар шытырман оқиғаға толы сиқырлар әлеміне саяхат жа­сады.

– Біз бұл жолы шығармашы­лық­қа, спортқа әуес, білімге құштар ба­лалардың басын қосуға тырыстық. Олар үшін екі күннен бері арнайы бағдарлама ұсынылуда. Мұражай­ларға саяхат жасадық. Кешкі сауық­тыру бағдарламасына қатысқандар ерекше көңіл күйге бөленді, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Зәмзәгүл Тұрлыбаева.

Шыршаның кiшкентай қонақта­рына Мемлекет басшысының аты­нан тәттілер мен кітап және планшет сыйға тартылды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp