«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз кескендерге – жаза қатал

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жыл қарсаңында поли­цей­лер қылқан жапырақты ағаш­тарды браконьерлік жолмен пайда­ла­нудан қорғау шараларын жүргізу­де. Осы мақ­сатта жергілікті поли­ция қызметі мен табиғатты қорғау органдары қыз­меткерлерінен құралған мобильдік топтар ұйымдас­ты­рылды. Қылқан жа­пырақты ағаш­тар өсетін жерлерде және оларды сату орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Шыршаны заңсыз кескендер әкімшілік жауапкершілікке тартыла­ды. Егер келтірілген шығын 100 АЕК-ден асса, қылмыстық жауап­кершілік қарастырылған. Облысы­мызда 11 ай ішінде ағаштар мен бұталарды заң­сыз кесу, зақымдау фактілері бо­йын­ша үш қылмыстық іс қозғалды.

“Шырша” жедел-профилактика­лық іс-шарасы желтоқсан айының ортасында басталды. Бір апта ішін­де өткен рейдтер нәтижесінде 15 заң­ бұзушылық анықталды. “Шыр­ша” іс-шарасы 31 желтоқсанға дейін жалға­сады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp