«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІМНІҢ ТАҒАМЫ ДӘМДІ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде облыс колледжде­рінің студенттері арасында “Үздік аспаз” кәсіби шебер­лік байқауы өтті. Жоғары құрылыс-экономикалық кол­леджінде өткен байқаудың мақсаты – студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға, аспаздық өнер­ді дамы­ту­дың келешек бағыттарын айқындау­ға, кәсіби шеберлік­ті жетілдіруге ық­пал ету. Сонымен қа­тар жастардың шығармашылық бай­ланыстарын кеңейтуіне, кәсіптік оқы­ту саласын­дағы жаңа идеялар, же­тістіктермен алмасуына жағдай жасау.

Осы сала мамандарынан құрал­ған қазылар алқасы жастардың қа­білет-қарымын жіті қадағалады. Се­бебі дәмді ас дайын­дайтын адам­ның талғамы биік бо­лып, өз-өзіне жоғары талап қоя білуі ке­рек. Аспаздың тұздық пен дәмде­уішті мөлшерлеп қолдануы да ма­ңызды. Ас пісіруге қажетті құралдарды өз орны­мен пайдалану ке­рек.

Байқау қорытындысы бойынша жоғары құрылыс-экономикалық кол­леджінің студенті Сергей Голец 1-орынды иеленді. Ал Новоишим аг­рарлық-техникалық колледжінің сту­денті Анастасия Щукаға 2-орын, Е.Дәуітов атындағы Петропавл қала­сы қызмет көрсету саласы коллед­жінің студенті Эдуард Лешковке 3-орын бұйырды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp