«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шағын автобус сыйлады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов тірек-қимыл аппараты зақым­данған балаларға арналған “Ар­ман” орталығында болды. Өңір бас­шысы орталық тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесі­мен құттықтап, көтергіш механизмі бар арнайы шағын автобусты сыйға тартты. Келесі жылы тренажерлер әперіледі.

Бұдан кейін Ғауез Торсанұлы отбасылық үлгідегі балалар ауылы­ның тәрбиеленушілеріне қонаққа барды. Мұнда тұратын 39 бала шы­ғармашылықпен айналысады, олардың әрқайсысына велосипед тарту етілді. Ал жаңа фортепиано музыкадағы қарым-қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Бүлдіршіндер облыс әкіміне өз­дерінің жетістіктері мен алдағы жос­парлары жайлы айтып берді. Өңір басшысы оларға жақсы білім алып, жаңа жылда ойлаған арман-тілектерінің орындалуын тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp