Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған “Арман” орталығында болды. Өңір басшысы орталық тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, көтергіш механизмі бар арнайы шағын автобусты сыйға тартты. Келесі жылы тренажерлер әперіледі.
Бұдан кейін Ғауез Торсанұлы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қонаққа барды. Мұнда тұратын 39 бала шығармашылықпен айналысады, олардың әрқайсысына велосипед тарту етілді. Ал жаңа фортепиано музыкадағы қарым-қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Бүлдіршіндер облыс әкіміне өздерінің жетістіктері мен алдағы жоспарлары жайлы айтып берді. Өңір басшысы оларға жақсы білім алып, жаңа жылда ойлаған арман-тілектерінің орындалуын тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.