Өңіріміздегі патрульдік полицейлер Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, көлік жүргізушілерін келе жатқан мерекемен құттықтады.
Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жол қозғалысының қатысушылары үшін профилактикалық сипаттағы акция өткізді. Тәртіп сақшылары Нұрбек Байлин мен Вера Остроглядова автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін айтты.
2023 жылдың 11 айында облыс орталығында 201 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 231 адам жарақат алды, 2 адам көз жұмды. Жыл басынан полицейлер түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3750 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.