«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Желтоқсан 28, 2023

ЕРЕКШЕ АКЦИЯ

Өңіріміздегі патрульдік полицейлер Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, көлік жүргізушілерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жол қозғалысының қатысушылары үшін профилактикалық сипаттағы акция өткізді. Тәртіп сақшылары Нұрбек Байлин мен Вера Остроглядова автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін айтты. 2023 жылдың …

ЕРЕКШЕ АКЦИЯ Read More »

Көрерменді баураған қойылым

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жазушы драматург Николай Гогольдің “Ревизор” туындысы сахналанды. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Барзу Абдураззаков. Театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазардың айтуынша, ұжым осы қойылыммен Қырғызстан астанасы – Бішкекте өткен фестивальде “Сыншылар көзайымы” номинациясын жеңіп алған. Қоғамымыздағы келеңсіздіктерді әжуалайтын қойылымның хронометражы үш сағатты қамтиды. Әдетте, театр заңдылығына сүйенер болсақ, спектакль үшін үш …

Көрерменді баураған қойылым Read More »

ҚАУІПТІ “ОЙЫНШЫҚ”

Пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда адамның есту қабілетінің бұзылуынан, бұдан бөлек, қол мен бет жарақатын алуынан, өрт шығуы мүмкін. Ал сертификатталмаған петардалар, ракеталар мен отшашулар екі есе қауіп төндіреді. Өрт фактілерін, адамдар арасында оқыс оқиғалар мен жарақаттарды азайту үшін полицейлер төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, 25 желтоқсаннан бастап “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Тәртіп сақшылары аталған өнімдерді …

ҚАУІПТІ “ОЙЫНШЫҚ” Read More »

Кітапқұмарлар сайысы

Уәлиханов аудандық орталық кітапханасының мамандары “Кітапқұмар” жобасын жүзеге асыруда. Оның аясында жуырда оқырмандар арасында сайыс ұйымдастырылды. Екінші жыл қатарынан өткізілген сында “Кітапқұмар мектеп” кубогы сарапқа салынды. Жобаның биылғы тақырыбы Қожаберген жырау Толыбайұлының ”Елім-ай” дастанының 300 жылдығына арналды. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас …

Кітапқұмарлар сайысы Read More »

“Қуаныштың” қарқыны қатты

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші туры өтіп жатыр. Жергілікті “Қуаныш” клубы турнирлік кестеде көш бастап келеді. “Қуаныш” чемпионаттың екінші турында бес кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Соңғы екі ойын солтүстікқазақстандық волейболшылар үшін оңайға түспеді. “Тұранға” қарсы ойында “Қуаныш” клубы 3:1 есебімен жеңіске жетсе, одан кейін ел біріншілігінің фавориті “Жетісу” командасы қарсылас …

“Қуаныштың” қарқыны қатты Read More »

Ұлтаралық араздыққа жол жоқ

Қазақстанда соңғы жылдары этносаралық қақтығыс тараптарын татуластыруға, табыстыруға, ортақ мәмілеге шақыруға үлкен мән беріліп, дау-жанжалдарды түрлі жолдармен реттеуге көмектесетін этномедиатор мамандар пулының пайда болғаны қуантады. Көп жыл облыстық азаматтық істер сотының судьясы болып істегендіктен, бұл сала маған жақсы таныс. Бүгінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы бола жүріп, біраз тәжірибе …

Ұлтаралық араздыққа жол жоқ Read More »

Тиімсіз жұмсау тыйылмай тұр

Биыл мемлекеттік сатып алу бағасын асыра көрсетудің 90 фактісі анықталып, 1,8 млрд. теңге бюджет қаражаты үнемделді. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетінен кейін облыстың қаржы басқармасы журналдың алдын ала жоспарланған сатып алу бағасын 1 млн. …

Тиімсіз жұмсау тыйылмай тұр Read More »

БАБАДАН ЖЕТКЕН МИРАС

Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі “Miras” республикалық кеңесі “AMANAT” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының “Құн­ды­лықтары ортақ, біртұтас қоғамның мүшесі болу”, “Ұлт­тық мәдениетті қолдау”, “Ыңғайлы тілдік ортаны дамыту”, “Азаматтық қоғамды дамыту” бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді. Негізгі міндеті – ата-бабаларымыздан осы күнге дейін аман жеткен мәдениет пен өнер саласын, тіл саясатын, қазақстандық қоғамдағы бірлік пен …

БАБАДАН ЖЕТКЕН МИРАС Read More »

Жүйедегі жаңашылдық

Биыл Ха­лыққа қызмет көрсе­ту орта­лық­та­ры 31 млн.-нан астам қызмет көрсетті. Тұр­ғындар арасында ЭЦҚ, жеке куә­лік пен төл­құжат рәсімдеу, көлік құрал­да­рын тіркеу қызметтері сұ­ранысқа ие. Мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалығы – “Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры” жаңа ақпарат­тық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функ­цияларының “Азаматтарға арналған үкіметке” берілуі. Сонымен қатар мамандан­дырыл­ған ХҚКО-ларда жүргізуші куә­лігі­не емтихан тапсыруды …

Жүйедегі жаңашылдық Read More »

БАРДЫ ҰҚСАТА АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында өңірдің қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көр­сеткіштері мен бюджеттің кіріс-шығыс бөлігінің орын­да­луы қаралды. Бірінші мәселе бойынша баян­дама жасаған экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қа­лижанов экономикалық индикатор 96,7 пайызды құрап, респуб­ликада 20 орынмен шектелгенін жет­кізді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 828,1 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 15,8 пайызға …

БАРДЫ ҰҚСАТА АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН Read More »

Жауапты жұмыс

Ол әр күні таңертең қаладағы мыңдаған тұрғынның жайлы өмірі үшін жауапкершілік арқалап, жұмысына аттанады. Шаһар халқы тіршілік көзінен тарығып қалмау үшін қолына құрал-сайманын алып, күні бойы бел жазбай еңбек етеді. Әр күн сайын өз еңбегінің нәтижесін кө­ріп, кеудесін ризашылық сезімі кер­неп, өз ісінің қала өмірі үшін ма­ңызды екенін сезінеді. Слесарь Дүй­сенбі Ташкеновтің осындай күн тәр­ті­бімен …

Жауапты жұмыс Read More »

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс оныншы сессиясы өтті. Онда облыстық сайлау комиссия­сының мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды. “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 10-бабы 3-тармағына сәй­кес саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізін­де облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бес жыл мерзімге сай­ланды. Сондай-ақ облыстық мәслихат­тың 2016 жылғы 24 қарашадағы №7/4 “Солтүстік Қазақстан облы­сында жылыту маусымын дайындау және …

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ Read More »

Қолайсыз ауа райы апатқа себеп

26 желтоқсан күні өңірде қолай­сыз ауа райы туындап, жаңбырдың арты қарға, кейін боранға ұласып, тұр­ғындарды әбігерге салды. Жыл­дам­дығы секундына 30 метрге дейін жеткен желдің салдарынан жолдар жабылып, инфрақұрылым зақым­данды. Қарлы боранның салдарынан кейбір елді мекендерде жарық өшті. Бұл күні барлығы 181 ауылдың тұр­ғыны электр қуатынан ажыратыл­ған. Осы­ған байланысты өңірде ар­найы штаб құрылып, мемлекеттік ор­ган­дар мен …

Қолайсыз ауа райы апатқа себеп Read More »