Биыл Халыққа қызмет көрсету орталықтары 31 млн.-нан астам қызмет көрсетті. Тұрғындар арасында ЭЦҚ, жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу қызметтері сұранысқа ие.
Мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалығы – “Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры” жаңа ақпараттық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функцияларының “Азаматтарға арналған үкіметке” берілуі. Сонымен қатар мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруды бақылау жүйесін енгізді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарынның мамандары “ХҚКО” мобильді қосымшасының функционалдығы артқанын айтты. Аталған жүйе арқылы биыл 300 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Мемлекеттік корпорация келер жылы да қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруды жалғастырады. Бұл жетістіктер мен жаңашылдықтар біздің өңірге де тән. Облыстағы орталық мамандары 400 мың қызмет көрсеткен. 520 мың өтініш өз-өзіне қызмет көрсету секторы арқылы қабылданған.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.