«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүйедегі жаңашылдық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Ха­лыққа қызмет көрсе­ту орта­лық­та­ры 31 млн.-нан астам қызмет көрсетті. Тұр­ғындар арасында ЭЦҚ, жеке куә­лік пен төл­құжат рәсімдеу, көлік құрал­да­рын тіркеу қызметтері сұ­ранысқа ие.

Мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалығы – “Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры” жаңа ақпарат­тық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функ­цияларының “Азаматтарға арналған үкіметке” берілуі. Сонымен қатар мамандан­дырыл­ған ХҚКО-ларда жүргізуші куә­лігі­не емтихан тапсыруды бақылау жүйесін енгізді.

Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарынның мамандары “ХҚКО” мо­бильді қосымшасының функционал­дығы артқанын айтты. Аталған жүйе арқылы биыл 300 мыңнан астам қыз­мет көрсетілген. Мемлекеттік корпо­ра­ция келер жылы да қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруды жал­ғастырады. Бұл жетістіктер мен жа­ңа­­шылдықтар біздің өңірге де тән. Облыстағы орталық мамандары 400 мың қызмет көрсеткен. 520 мың өті­ніш өз-өзіне қызмет көрсету секторы ар­қы­лы қабылданған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp