Облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Онда облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды.
“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 10-бабы 3-тармағына сәйкес саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бес жыл мерзімге сайланды.
Сондай-ақ облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы №7/4 “Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларын бекіту туралы” шешіміне енгізілетін өзгерістер талқыланды.
Бұл жөнінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің хабарламасы тыңдалды.
Кадрлық өзгерістерге байланысты облыстық мәслихаттың “Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы” шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сессияда қаралған мәселелер тұрақты комиссияның отырысында алдын ала талқыланды. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.