«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолайсыз ауа райы апатқа себеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

26 желтоқсан күні өңірде қолай­сыз ауа райы туындап, жаңбырдың арты қарға, кейін боранға ұласып, тұр­ғындарды әбігерге салды. Жыл­дам­дығы секундына 30 метрге дейін жеткен желдің салдарынан жолдар жабылып, инфрақұрылым зақым­данды.

Қарлы боранның салдарынан кейбір елді мекендерде жарық өшті. Бұл күні барлығы 181 ауылдың тұр­ғыны электр қуатынан ажыратыл­ған. Осы­ған байланысты өңірде ар­найы штаб құрылып, мемлекеттік ор­ган­дар мен ұйымдардың жұмысы қыза түсті. Туындаған жағдайға бай­ла­ныс­ты әлеуметтік нысандар, ау­дан­­дық аурухана, мектептер, балалар үйлері, жылу қазандықтарының жұмысы ерекше бақылауға алынды.

Желідегі ақауды жөндеу үшін өңір бойынша “СЕВКАЗЭНЕРГО” ак­ционерлік қоғамының 55 апаттық-жөндеу бригадасы мен 55 техника­сы, “Көкшетау Энерго” серіктестігінің 37 бригадасы мен 140 техникасы жұмылдырылған. Аталған жұмыстар қазіргі уақытта да жалғасуда. 27 желтоқсан сағат 15.00-дегі жағдай бойынша облыстағы 92 елді мекен мен 5 мыңнан астам абонент электр энергиясынсыз отыр. Оған – желі­лердің үзілуі мен станциялардан шыққан ақау себеп болуда.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp