«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРДЫ ҰҚСАТА АЛМАУ – БАСШЫЛАРҒА СЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында өңірдің қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көр­сеткіштері мен бюджеттің кіріс-шығыс бөлігінің орын­да­луы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша баян­дама жасаған экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қа­лижанов экономикалық индикатор 96,7 пайызды құрап, респуб­ликада 20 орынмен шектелгенін жет­кізді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 828,1 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 15,8 пайызға төмендеген. Сол сияқ­ты дән­ді және бұршақты да­қылдар өн­дірісі 20,7 пайызға кеміп кеткен. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 2,1, оның ішінде ет өндірісі – 1,8, сүт 3,3 пайызға өскен. Ал жұ­мыртқа өндіру 3,6 пайызға төмен­деген.

Баяндамашы азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары екенін, фермерлер үшін мемлекет тарапынан қолдау жүйелі түрде көр­сетілетінін айтып өтті. Озық техно­логияларға негізделген сүт кешен­де­рін салуға жеңілдетілген несие бе­ріліп келеді. Қызылжар – майлы да­қылды ең көп егетін өңір.

11 айда өнеркәсіптің нақты кө­лем индексі 113,4 пайызға орында­лып, 574,7 млрд. теңгенің тауарлары шығарылған. Өңдеу өнеркәсібі – 13,7, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 7,4, электрмен жабдықтау 18,9 пайызға артқан.

Осы мерзім ішінде негізгі капиталға 382,1 млрд. теңге инвестиция құйылып, өсім 22,3 пайыз болған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық ша­рауашылығын дамыту бағытын­да ілгерілеу бар. Құрылыс саласында орындалған жұмыс көлемі 27,6 пайызға артқан. Жалпы ауданы 240,2 мың шаршы метр немесе 135,9 тұрғын үй іске қосылған. Жеке адамдар есебінен 118,5 мың шаршы метр баспана тұр­ғызылған. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвести­ция­лардың үштен бірі – бюджет қа­ражаты.

Жыл басынан бері бөлшек сау­дада 340,2 млрд. теңгенің тауар­лары сатылған.

Есепті кезең аралығында 24749 адам жұмысқа орналастыры­лып, 10612 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылған. Осылайша жұмыс­пен қамту жоспары 102 пайызға орын­далған. Жаңа тұрақты жұмыс орын­дарын құру бойынша атқарыл­ған жылдық көрсеткіш 99,8 пайызға тең. Өткен жылдың сәйкес мерзі­мін­де 2021-2025 жылдарға арнал­ған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 18141 адам жұ­мыс­пен қамтылған болатын. Атқа­рылған шаралардың нәтижесінде үшінші тоқсанда жұмыссыздық дең­гейі 4,7 пайыз болды. Оның өсуіне жол бермеу үшін барлық шаралар қабылдануда.

Қаржы басқармасының басшы­сы Наталья Дышкант үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы жағ­дай бойынша жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орында­луы жайлы ақпаратты ұсынды. 11 айда жергілікті бюжетке 103,7 млрд. теңгенің орнына 108,3 млрд. теңге қаражат түсіп, жоспар 104,4 пайыз­ға орындалған. Ал жергілікті бюд­жеттің шығыс бөлігі 98,9 пайызға игерілген.

Республикалық қазынадан және Ұлттық қордан бөлінген ныса­налы трансферттер мен кредиттер бойынша жоспар 96,8 пайызға ат­қарылған. Игерілмеген қаржы мөл­шері – 2,1 млрд. теңге. Жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге игеріл­меген.

Өңір басшысы кей аудандарда ет, сүт, жұмыртқа өндірісінің төмен­деп кеткенін сынға алды. Осыған дейін өткен жиындарда да ау­дан басшылары жағдайды түзетуге уәде бергенімен, көрсет­кіштер сол қалпы қалған.

“Ет өндіру Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 178, Мағжан Жұ­мабаевта – 71, Мамлютте – 31, Есілде 75 тоннаға азайған. Атал­мыш аудандарда бұл көрсеткіштің құлдырауы бірнеше ай бойы бай­қалған. Мағжан Жұмабаев ауданы­ның әкімі осыған дейінгі басқосу­ларда ет өндірісінің төмендеуін бух­галтерияның қателігі деп түсіндіріп, барлығын түземек болған. Бірақ уәдесінде тұра алмады. Осы цифр­лар үшін аудан әкімі тікелей жауап береді”, – деген Ғауез Нұрмұхамбе­тов аудан әкімінен түсініктеме та­лап етті.

Әкімдік отырысында бюджет қа­ражатын игере алмаған аудан әкім­дері мен басқарма жетекшілері де ескерту алды. Бұл тізімді Петро­павл қаласы бастап отыр. Мұнда 1 млрд. 593 млн. теңге игерілмей қал­ған. Уәлиханов ауданы бойын­ша – 488,5 млн., Шал ақында – 419,3 млн., Қызылжарда – 356,4 млн., Мам­­лют ауданында 252,3 млн., теңгені ұқ­сата алмаған. Ведомст­волар ара­сында бұл тізімде білім (223,7 млн.), құрылыс, сәулет және қала құрылысы (211,8 млн.) табиғи ресрустар және таби­ғатты пайдала­нуды реттеу (145,3 млн.) басқар­малары тұр.

“Кей облыстар республикалық бюджеттен қаражатқа қол жеткізе алмайды. Бізде керісінше жағдай орын алған. Мұны жауапты ве­домство басшылары мен әкімдер­дің өз ісіне салғырт қарауы деп ба­ға­лаймын. Уақытты создырып, жыл соңына қарай қозғала бастайды. Жағдайды жедел түрде реттеуді талап етемін”, – деді Ғауез Тор­санұлы.

Өңір басшысы, тұтастай алған­да негізгі салалар бойынша оң өз­герістердің қалып­тас­қанын атап өтіп, тиісті ведомст­во басшыла­рына 2023 жылдың қо­рытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспар­лан­ған көрсет­кіштеріне қол жеткізу­ді және бюд­жеттің толық орында­луын қамта­масыз етуді тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp