«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс оныншы сессиясы өтті. Онда облыстық сайлау комиссия­сының мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 10-бабы 3-тармағына сәй­кес саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізін­де облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бес жыл мерзімге сай­ланды.

Сондай-ақ облыстық мәслихат­тың 2016 жылғы 24 қарашадағы №7/4 “Солтүстік Қазақстан облы­сында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларын бекіту туралы” шешіміне енгізілетін өзгерістер талқыланды.

Бұл жөнінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің хабарламасы тыңдалды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты облыстық мәслихаттың “Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дер­бес құрамы туралы” шешіміне өзгерістер енгізілді.

Сессияда қаралған мәселелер тұрақты комиссияның отырысында алдын ала талқыланды. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp