«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жамбыл ауданында – жаңа әкім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов аудандық мәслихаттың кезек­т­ен тыс сессиясына қатысып, Жам­был ауданының әкімі қызметіне Аза­мат Бауыржанұлы Бектасовтың кан­дидатурасын ұсынды. Депутаттар – бұл ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Содан кейін өңір басшысы Жам­был ауданының активіне жаңа ау­дан әкімін таныстырды. Облыс әкімі Азамат Бектасовқа аудан эконо­ми­касын одан әрі дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар тап­сырма жүктеді.

Азамат Бектасов 1989 жылы Есіл ауданында туған. 2011 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетін “Экология”, 2021 жылы Абай Мырзахметов атын­дағы Көкшетау университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бі­тірген. 2011 жылдың қыркүйек айы­нан бастап Есіл ауданы Покровка ауылындағы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің арнайы пәндер оқыту­шы­сы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қараша айынан осы колледжде агрохимиялық пәндер оқыту­шысы болды. 2014-2020 жылдары об­лыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы және осы департамент басшысы­ның орынбасары лауазымдарын атқарды. 2020 жылдың қыркүйегі­нен Қарағанды облыстық экология департаменті басшысының орын­ба­сары болып еңбек етті.

2021 жылдың маусымынан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық эколо­гия департаментін басқарды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp