«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ МЕРЕЙІН АСҚАҚТАТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Ұлттық олимпиада комитетінің құрылғанына 33 жыл толды. Осыған орай Петропавлда салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ұлттық олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев қатысты. Кездесуде өңір спортшылары марапатталды. 

Ұлттық олипиада комитеті – 1990 жылы құрылған. 1993 жылы Ха­лықаралық олимпиада комитетіне мүше болды.

“Біз биыл ұлттық олимпиада комитетінің 33 жылдығын атап өту­деміз. Шара аясында еліміздің бар­лық өңірін аралау көзделген. Аға буын ардагерлерімізді, спортшыла­рымызды және осы саланың дамуы­на үлес қосқан азаматтарды Алғыс хат, медальдармен марапаттауда­мыз. Осы кездесуді ұйымдастырған облыстық әкімдік мамандарына ерек­ше алғысымды білдіремін. Сіз­дермен кездескеніме өте қуанышты­мын”, – деді Ұлттық олимпиада комитеті бас хатшысының орынба­сары Серік Сәпиев.

Қазіргі уақытта Қазақстан құра­ма­сында 420 солтүстікқазақстандық спортшы бар. Жыл басынан бері олар Азия, әлем чемпионаттарында, халықара­лық және республикалық турнир­лер­де 630-дан астам түрлі дәреже­дегі медаль жеңіп алды. 

“Біздің облыста спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргі­зілді. Әсіресе балалар спортын да­мытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде облыс тұрғындарының 42 пайызы спортпен шұғылданады. 2025 жыл­дың соңына дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр”, – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов.

Салтанатты кеште алғашқылар­дың бірі болып балуан Аманғали Бекбола­тов марапатталды. Спортшы өңір бас­шысының Алғыс хатына және ес­телік сыйлығына ие болды. Аманғали Нұрболатұлы жақында Әзір­байжанда әскерилер арасында өт­кен грек-рим күресінен әлем чемпионы атан­ған.

“Әлем біріншілігі Әзірбайжан ас­танасы – Баку қаласында өтті. 4 кез­де­су өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеттім. Сөйтіп, әскерилер арасында әлем чемпионы болдым. Алда Қа­зақстан чемпионаты, Азия біріншілігі күтіп тұр. Оларға тыңғы­лықты дайындықпен қатысуды мақсат тұтудамын”, – деді Аманғали Бек­болатов.

Өңірде күрестің дамуына үлесін қосып жүрген жандардың бірі – облыстық күрес федерациясының президенті Бауыржан Құлжанов.  Ардагер мерейтолық медаль­мен марапатталды.

Жамбыл Тасеменов – Қазақ КСР-ның грек-рим күресінен құрмет­ті спорт шебері, 1966-1970 жылдар­дағы Қазақстан чемпионы. 1994 жы­лы №1 облыстық мектеп-интернатына директор болып тағайындалып, спорт саласының дамуына елеулі үлес қосты. Кездесуде құрметті спорт қайраткерінің еңбегі елеусіз қалмады.

“Қазіргі спорт интернатының не­гі­зін қалағандардың бірімін. Әлем чем­пионатының Әмір Тыналин, Са­мат Қыдырбеков секілді жеңімпазда­рын жаттықтырдым. Қазір білім ор­да­сында Әлем, Азия, Еуропа бір­ін­шілігінің чемпиондары тәрбиеле­ну­де. Оларға мен зор үміт артамын. Олар Олимпиада ойындарында өз­дерін көрсетуі тиіс. Жаттықтырушы­лар қа­жымай-талмай еңбек етіп, чемпион­дарды баптап, биік жетіс­тіктерге же­те берсін деп тілеймін”, – дейді Жам­был Тасеменов.

Облыста спортта жақсы көрсет­кіш­терге қол жеткізген 100-ден астам спортшыға қаржылық қол­дау көр­сетілетінін айта кеткен жөн.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp