«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 3, 2024

Сиырдың сүті – тілінде

Төсінде төрт түлік шұбырып, да­ласында егін жайқалып, қам­ба­сында астығы тасыған Қы­зыл­жар – еліміздің агроөнеркә­сі­бінде маңызды орын алатын об­лыстардың бірі. Ет, сүт, жұ­мырт­қа, айта берсек, халыққа бі­рінші кезекте қажетті азық-түліктің көбі теріскейде өндірі­леді. Соңғы жыл­дары қарқынды жұ­мыс істеп, қолданысқа беріліп келе жатқан сүт фермалары, құс фабрикала­ры өңіріміздің ауыл ша­руашылығы саласындағы мүм­­­кіндікте­рінің бұдан да зор еке­нін көрсетіп …

Сиырдың сүті – тілінде Read More »

Көптен күткен қуаныш

Тайынша ауданының орталығында құрылысы 2021 жылы басталған  жаңа хоккей корты пайдалануға берілді.  Бұл мақсатқа облыстық қазынадан 186 млн. теңге жұмсалды. Нысанның салтанатты ашылуына аудан басшылығы,  тұрғындар мен спортшылар қатысты. “Тайынша ауданындағы спорт сүйер қауым үшін жабық мұз айдынының ашылуы – көптен күткен оқиға. Енді балалар осындай тамаша спорт нысанында коньки теуіп, хоккей ойнауға мүмкіндік алды. …

Көптен күткен қуаныш Read More »

Жаңа заман әдебиеті

Жыл өткен сайын елімізде баспа ісі қарқын алып, баспагерлер оқырманды жаңа кітаптармен қуантуда. Кітап дүкендерінде де, кітапханаларда да соңғы жылдары жарық көрген, сиясы кеппеген туындылар жетерлік. Уақыт өткен сайын оқырманның талғамы да өзгеріп келеді. Классикалық шығармалардан бөлек, қазіргі қоғам тынысын суреттейтін туындылар оқырман сұранысына ие болуда. ХХІ ғасырдағы өзгерістерді суреттейтін ақындар, жазушылар, драматургтер, әдебиет сыншылары …

Жаңа заман әдебиеті Read More »

ОН ҮШ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында 16 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар қызыл жалыннан 13 адамды  аман алып шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жылдың алғашқы күні екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты.  – Өрт туралы ақпарат  сағат 13:21-де келіп түсті. 5 минуттан кейін кезекші қарауыл жетіп, адамдарды құтқаруға және өртті …

ОН ҮШ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Read More »

Қызылшаның әлегі

Осы күнге дейін облыста 241 адам қызылшаға шалдыққан. Ал мереке күндері аталған дертті жұқтырғандар анықталған жоқ. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметінше, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі Петропавлда екен. Облыс орталығында 207 сырқат тіркелген. Жеті жағдай – Мағжан Жұмабаев, алтауы – Қызылжар, бесеуі – Есіл,  төрт факті – Айыртау, Аққайың және Мамлют аудандарында анықталған. Тайынша мен …

Қызылшаның әлегі Read More »

Қажетті шаралар қабылданды

Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 2-сі күндері аралығында облыстық полиция департаментіне облыс тұрғындарынан 1154 қоңырау келіп түсті. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, “102” нөміріне хабарласқандардың 369-ы полицияның жедел әрекет етуін талап еткен. – Мереке күндері 10 ұрлыққа, 3 алаяқтыққа, 38 отбасылық жанжалға қатысты фактілер туралы хабарланды. Сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 26 дерегі тіркелді. Барлық шақыртулар бойынша …

Қажетті шаралар қабылданды Read More »

Елік иесіз емес

Өңіріміздегі ерекше қорғалатын аумақта елік атқан төрт браконьер сотталды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Астана қаласының  және облысымыздың тұрғындары бірлесіп, Қызылжар ауданындағы ұлттық табиғи парктің аумағында қос елікті  атып алған. Дәлелдер бола тұра, жазаға тартылғандар өз кінәсін мойындамаған және істеріне өкінбеген. Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, төрт браконьерді 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру …

Елік иесіз емес Read More »