«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОН ҮШ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында 16 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар қызыл жалыннан 13 адамды  аман алып шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жылдың алғашқы күні екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

 – Өрт туралы ақпарат  сағат 13:21-де келіп түсті. 5 минуттан кейін кезекші қарауыл жетіп, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге кірісті. Стокер ашық отпен жанып, өрт пәтерге тарады. Түтін жоғары қарай көтеріліп, екінші қабатқа жетті. Адамдар терезеден эвакуацияланды. Қызыл жалын сағат 13:50-де толығымен ауыздықталды, – дейді азаматтық қорғау бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Ерсұлтан Ақтан.

Өртті сөндіру кезінде 27 газ баллонын сыртқа шығарды. Қызыл жалын шарпыған аудан 12 шаршы метрді құрады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp