«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПАЛЫ ВАГОНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“ЗИКСТО” зауыты темір жол саласына қажет жүк вагондары мен платформалар шығарады. Қазақстандағы жүк вагондарын құрастыратын жалғыз зауыттың өнімдері бәсекеге қабілетті. Қазір еліміздегі жетекші өндіріс орны саналады.

Соңғы жылдары “Вагон парктерін жаңғырту” жобасына белсенділікпен қатысып, тапсырыс портфелі заманауи үлгідегі өнімдермен толықты. Бұған дейін бір мыңнан астам вагон құрастыру межесі мерзімінен бұрын орындалса, былтыр “Жолаушылар тасымалы” компаниясы “ЗИКСТО” зауытымен 150 жолаушылар вагонын сатып алу туралы келісімшарт жасасты.  Жыл аяғына дейін 94-і тұтынушыларға жөнелтілген болатын.

    Кәсіпорын басшылығы берген ақпаратқа сүйенсек, жаңа вагондар Маңғыстау – Атырау, Ақтөбе – Атырау және Павлодар – Түркістан бағыттары бойынша 13,5 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған. Бұдан бөлек, Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей, Алматы – Семей бағыттарында да үлкен сұранысқа ие. Ең бастысы, сапасы жақсы. Жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Вагондарда кондиционер, ауаны тазартатын сүзгілер, түтін датчиктері, биодәретханалар, тамбурларда бейнебақылау жүйесі, купелерде электр розеткаларынан басқа “USB” қосқыштары орнатылған. 

Әр вагон 36 орынға шақталған, бағасы қолжетімді. Алдағы уақытта плацкарт, купе және штабтық вагондар өндірісінің ауқымы кеңейе түспек. Биыл заманауи үлгідегі 300 вагон шығару жоспарланған.

Сонымен қатар зауытта  трактордың және жеңіл автомобильдердің тіркемелерін,  тұтас металды термостар, мотоқопсытқыштар, балалардың моторролерлерін жаппай өндіру жолға қойылған. Сондай-ақ өндірістік-азаматтық мақсаттағы бұйымдар шығаруға да бағдарланған. Олар – мұнай кешеніне қажет цистерналар, отын-энергетика жабдықтары, темір жолға қажет қосалқы бөлшектер.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp