«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төлемнің көлемі артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 қаңтардан бастап Қа­зақстанның Ұлттық банкі анықтаған болжамды инф­ляцияның деңгейіне сәй­кес барлық мемлекеттік жәрдемақылар және базалық зейнетақы 7 пайызға, ын­тымақты зейнетақы 9 па­йызға өсті. Яғни бұл инф­ляция деңгейінен 2 пайыз­ға артық. Жалпы өңірде 145 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады. Олардың 102 мыңы – зейнеткер.

Биылғы жылы бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері 130414 теңгені құрайды. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны жыл сайынғы кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ең жоғарысын 120 пайызға дейін арттыру жүзеге асырылады.

“2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК – 3692 теңге, ең тө­менгі күнкөріс деңгейі – 43407 тең­ге, минималды зейнетақы – 57853 теңге, ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері 28215 теңге болып белгіленді. Жалпы республикалық бюджеттен зейнет-ақының екі түрі төленеді. Бұл – ынтымақты зейнетақы және ба­залық зейнетақы”, – дейді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыстық департаменті басшы­сының орынбасары Гүлбақыт Ма­набаева.

Биылдан бастап 1-ші, 2-ші және 3-ші бала туғанда төле­нетін бір жолғы жәрдемақы 131100 теңгеден 140296 теңгеге өсе­ді. 4 немесе одан да көп бала туғанда төленетін ақша 217350-ден 232596 теңгеге көбейтілді.

“Мүгедектігі, асыраушысы­нан айрылу бойынша, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға төлейтін және 1-ші топ­тағы мүгедектігі бар азаматқа кү­тім жасап отырған адамға тө­ленетін жәрдемақы мөлшерлері ең төменгі күнкөріс деңгейінен индексациялануына байланыс­ты 7 пайызға жоғарылады. Мы­салы, бірінші топ мүгедектігі бар азаматқа берілетін жәрдемақы мөлшері былтырғы жылы 89 200 теңге шамасында болса, енді биылғы жылы 95400 теңге шама­сында алатын болады”, – деді Ең­бек және әлеуметтік қорғау ко­митеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Гүлбақыт Манабаева.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp