Былтыр облыстағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігіне 340 өтініш түсіпті. Оның 202-сі хат түрінде жолданған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңіріміз бойынша өкілі Жанат Жұмабаев баяндады.
Өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылаған Жанат Жұмабаевтың айтуынша, ұлттық орталықтың көмегіне жүгінгендердің құжаттама жүргізу ісі бойынша сұрақтары тиісті құзырлы органдар мен Өзбекстан, Ресей елдерінің елшіліктеріне жіберілген.
– Былтыр 138 жеке қабылдау өткіздік. Түзеу мекемелерінде сотталған 83 адамның өтінішін қарадық. Кездесулердің басым бөлігі темір тордың арғы жағында отырғандарды күтіп-ұстау, заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға қатысты болды, – дейді адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Жанат Жұмабаев.
Жалпы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге тұрғындар 5773 өтініш пен арыз жолдапты. Оның 5623-і қаралып, 3629-на қатысты түсініктеме берілді. Ал 800-і құзырлы органдарға жолданса, 838-і сұраныс бойынша қанағаттандырылды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.