«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 11, 2024

ТАСТАНДЫ БАЛА, ТАСБАУЫР АНА

Ағыл-тегіл ағылған ақпарат заманында әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз түрлі жаңалықтардан бас алудың өзі қиын. Небір сүйінші хабарлар, жаға ұстатарлық жағдайлар желдей есіп, елдің аузында жүр. Жылт еткен бір ақпараттың отыз рулы елге тарап, талқыға түсуі әп сәтте. Желідегі кей елеусіздеу жаңалықтар бірер күнде ұмыт болып, енді біреуі біразға дейін пікірталас тақырыбына айналып жатады. Өткен жылдың …

ТАСТАНДЫ БАЛА, ТАСБАУЫР АНА Read More »

Отбасылық бюджет: оны қалай жоспарлаған жөн?

Қарадан-қарап қалтамызға қара бақыр да құтаймады деп налитынымыз бар. Неліктен? Өйткені қай мағынасында қабылдасаңыз да, біздің қалтамыз – “тесік”. Ал тесік қалтаға теңге тұра ма? Көп адам өз қалтасындағы ақшаны санауға, жеткізуге, үнемдеуге, әсіресе жинақтауға келгенде дәрменсіздеу болып жатады. Әр адам отбасылық бюджетті басқа­руды үйренуі қажет. Аз болсын, көп болсын, тапқан ақшаны сауатты жұмсау үшін, …

Отбасылық бюджет: оны қалай жоспарлаған жөн? Read More »

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Адамның өмір тарихына көз жүгіртіп қарап шықсақ, оның бар ғұмыры сынақтан тұратынын аңғарамыз. Кез келген пенде туғаннан тағдырдың тезіне түсіп, небір сыннан өтеді. Сол сынақтың бәрін абыроймен еңсерген жандар ғана өз дегеніне жетіп, ұрпаққа үлгі болмақ. Бүгінде біздің арамызда да осындай ұлағатты жандар аз емес. Солардың бірі биыл сексен жастың сеңгіріне шығып отырған Күлжамал Жакенова. …

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН Read More »

Батыр найзасының ұшы

“Абылай хан резиденция­сы” музей кешенінде XVIII ға­сырдан сыр шертетін құнды жәдігерлер аз емес. Солардың бірі – Құлеке батыр пайдалан­ған найзаның ұшы. – Бұл жәдігер батырдың алтыншы ұрпағы Қошан Жантілеуовтің қолында болған. Қа­ру­ды Құлеке батыр соғыс қимыл­да­рында қолданған. Бабасынан қал­ған мирасты музейге Қошан Жантілеуовтың баласы Мұрат Жантілеуов сыйға тартты, – дейді музей директорының орынбасары Әсем­гүл Қыдыбекова. …

Батыр найзасының ұшы Read More »

Қазақ тілінен емтихан тапсырады

Биылдан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Енді жыл сайын мамыр айында балалардың қазақ тілі­нен білімі тексеріледі. Емтихан жазбаша және ауызша өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық ба­ғалау нәтижелері бойынша қойылады. …

Қазақ тілінен емтихан тапсырады Read More »

“ТОРПЕДОҒА” ТІС БАТПАДЫ

Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Чемпионат аясында жергілікті “Құлагер” клубы Өскеменде “Торпедоға” қарсы ойын өткізді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз есе жіберді. Кездесуде есепті бірінші бо­лып айдын иелері ашты. Клуб сапында Максим Базанов көзге түсті. Бірінші кезеңнің соңына дейін жерлестеріміз таразы басын теңестіре алмады. Қызыл­жарлық хоккейшілер ойынның екінші бөлімінде ғана жауап қай­тарып, Никита …

“ТОРПЕДОҒА” ТІС БАТПАДЫ Read More »

Есірткі таратқан жасөспірім

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қар­сы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетика­лық есірт­кі таратты деген күдікпен 18 жастағы петропавл­дықты облыс орталығындағы Жұмысшы кентінде қолға түсірді. Тәртіп сақшылары жас жігіт­тен ұсақ пакеттерге салынған 34 түйіншек тәркіледі. Сарапта­маның нәтижесіне сәйкес, олардың ішінде жалпы салмағы 29,95 грамм мефедрон синте­тикалық есірткісі болған. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ұсталған жігіттің тұрғылықты мекенжайынан …

Есірткі таратқан жасөспірім Read More »

АҒАШТАРДЫ ЗАҚЫМДАҒАН

Облыстық полиция департа­менті табиғатты қорғау полиция­сының қызметкерлері орман алқаптары мен су тоғандарын­да рейдтік іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Жуырда оларға қала тұрғын­дарынан облыс орталығындағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшылар құрылыс алаңына жақын өсіп тұрған ағаштардың тамырларын зақымда­ға­ны туралы хабар түскен. Тексеру барысында құрылысшы­лардың ағаштардың бүлінуіне қатысы бар екені расталды. Ал­ғашында бұл дерек әкімшілік заңнама шеңберінде қаралды, алайда сараптама …

АҒАШТАРДЫ ЗАҚЫМДАҒАН Read More »

ӨҢІРЛІК РӘМІЗДЕРГЕ ОРТАҚ ИДЕЯ КЕРЕК

Қазақтың ұлттық таңбатану ілі­мінің тарихы тереңде жатыр. Даламызда табылған археоло­гиялық атрефактілер мен ерте ғасырларда мемлекеттік басқа­рудың өзегі болған таңбалық белгілері және өзге де жәдігер­лер – оның айқын дәлелі. Таң­батану ілімі – “гераль­дика” деп аталады. Ал тастарға қашалған, таңбаланған петро­глифтер мен иеролгифтер – бұл өнердің бас­тауы. Тарихқа үңіл­сек, әр кез­дері өмір сүрген жеке тұлға, әу­лет пен …

ӨҢІРЛІК РӘМІЗДЕРГЕ ОРТАҚ ИДЕЯ КЕРЕК Read More »

Дәстен БАЙМҰҚАНОВ: “АРТЫНДА ЖОҚТАУШЫСЫ БАР ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДАҢҚЫ АСПАНДАП ТҰР”

– Дәстен Абылайұлы, сізді өңір жұртшылығы руханият жа­нашыры, өлкетанушы ретінде жақсы таниды. Абай атамыз айтқандай, “көңілдің кейбір сәт­терін” қағаз бетіне, нотаға түсіруді сүйікті ісіңізге айнал­дыр­ғансыз. Жуырда 66 жас­тың биігіне көтерілдіңіз. Уа­қыт­тың таразысына салып қа­ра­ғанда аз ғұмыр емес. Осы жа­сыңыздың биігінде тұрып, өт­кен өміріңізге көз жібергенде қан­дай сезімде боласыз? – Алланың пендесіне өлшеп берген өмірінің әр …

Дәстен БАЙМҰҚАНОВ: “АРТЫНДА ЖОҚТАУШЫСЫ БАР ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДАҢҚЫ АСПАНДАП ТҰР” Read More »

Адал еңбек – абырой

Уәлиханов ауданының әкімі Қай­рат Пішенбаев 63 жасқа тол­ды. Осыған орай Кішкенекөл ауылында облыс әкімінің орын­басары Рүстем Құрмановтың және аудан активінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Шарада Рүстем Құрманов Қайрат Сәк­енұлына облыс әкімінің атынан Құрмет грамотасын табыс етіп, мемлекеттік қызметте ұзақ жыл­ғы еңбегі үшін алғысын білдіріп, құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады. Еңбек жолын 1986 жылы бастаған Қайрат …

Адал еңбек – абырой Read More »

Тәлімгерлер кеңесі

Облыстық полиция депар­таменті жанынан тәлімгерлік ке­ңес құрылды. Аға ұрпақтың жылдар бойы жинаған тәжірибесі жас полицейлердің кәсіби маман болып қалыптасуына көп көмек. Кеңес алдыңғы толқын мен жас мамандардың қоян-қол­тық жұмыс істеуін көздейді. Ол ішкі істер министрі­нің Қазақстанда ішкі істер орган­дарында тәлімгерлер кеңесінің ережелерін бекіту туралы бұйры­ғына сәйкес құрылып отыр. Осы бұйрықты орындау шеңберінде полицейлер ведомство ардагер­лерімен …

Тәлімгерлер кеңесі Read More »

Артық төленген салық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің об­лыс бойынша департаменті мемлекеттік бюджетке төле­нетін төлемдерге мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлік субъек­тілерінің салық сомасын артық төлегенін анықтады. Ведомство баспасөз қызме­тінің мәліметінше, мониторинг 2022-2023 жылдар кезеңіне жүр­гізілген. IV санаттағы объектілер­дің операторлары қоршаған ор­та­ға эмиссия үшін өздігінен қате есептеу салдарынан бюджетке шамамен 96 млн. теңге артық салық төлеген. Осындай барлы­ғы 210 жағдай белгілі …

Артық төленген салық Read More »

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Egemen Qa­zaq­stan” газетіне берген “Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қа­рауымыз керек” атты сұхба­тын­да жұртшылықтың көкейін­де жүр­ген өзекті мәселелер әң­гіме өзегіне айналды. Әсіресе Қаңтар қасіретінен бастап, қо­сарлан­ған билік жүйесі, Үкімет­тің стратегиялық міндеттері, энергетикалық қауіпсіздік ны­санда­рының жай-күйі, сыртқы саясат саласындағы айтулы оқи­ғалар, жаһандағы және ай­мақтағы ахуалдың Қазақстанға әсері, көрші мемлекеттер­мен ынтымақтастық, …

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ Read More »

Құқықтары қорғалды

Былтыр облыстағы адам құқық­тары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігіне 340 өтініш түсіпті. Оның 202-сі хат түрінде жолданған. Бұл жайында өңірлік коммуникация­лар қызметінде өткен баспасөз мәс­лихатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңіріміз бойынша өкілі Жанат Жұмабаев баяндады. Өткен жылы атқарылған жұ­мысты қорытындылаған Жанат Жұмабаевтың айтуынша, ұлттық орталықтың көмегіне жүгінгендердің құжаттама жүргізу ісі бойынша сұрақтары тиісті құзырлы органдар мен …

Құқықтары қорғалды Read More »

Қисық мұржа толық бұзылады

“Севказэнерго” акционерлік қоғамының кәсіпорындар тобы 2023 жылды қорытындылады. Компанияның еншілес ұйымдары өңірдің 165 891 тұтынушысын электр энергиясымен, сонымен қатар, 8 115 өнеркәсіптік, коммерциялық және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын, Петропавл қаласының 78 049 тұтынушысын жылу энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. “Солтүстік Қазақстан Электржелілік тарату компаниясы” акционерлік қоғамы инвестициялық бағдарлама аясында Петропавл қаласы және облыстың 8 ауданы бойынша 750 …

Қисық мұржа толық бұзылады Read More »

МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халық партиясы фракциясының өкілдері Қызылжар өңіріндегі алғашқы кездесуін облыстық мәслихат депутаттарымен өткізіп, жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдаймен танысты. Облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко түрлі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы жайлы баяндап берді. ҚХП парламенттік фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Мәжілісте қабылданған заңдар туралы ақпараттармен бөлісті. Талқылау барысында мәжілісмен Кенжеғұл Сейтжан еліміздің …

МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР Read More »

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Бүгінде облыста көзі тірі 4 соғыс ардагері ғана қалды. Солардың бірі – Федор Щеглов 17 жасында әскер қатарына шақырылып, 371 атқыштар дивизиясының құрамында Кенигсберг түбінде жаумен бетпе-бет келген. Жеңісті Красноярск қаласында қарсы алып, қуанышында шек болмапты. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің шаңырағына барып, туған күнімен құттықтады. “Аға ұрпақ сұрапыл соғыстың ең ауыр сынақтарын, одан кейінгі …

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ Read More »