Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев 63 жасқа толды. Осыған орай Кішкенекөл ауылында облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың және аудан активінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Шарада Рүстем Құрманов Қайрат Сәкенұлына облыс әкімінің атынан Құрмет грамотасын табыс етіп, мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы еңбегі үшін алғысын білдіріп, құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады.
Еңбек жолын 1986 жылы бастаған Қайрат Сәкенұлы 2004-2008 жылдары Ақжар, 2008-2011 жылдары Қызылжар, 2013-2015 жылдары Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Ол Уәлиханов ауданына 2015 жылдың шілде айынан бастап жетекшілік етті.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.