«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒАШТАРДЫ ЗАҚЫМДАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­менті табиғатты қорғау полиция­сының қызметкерлері орман алқаптары мен су тоғандарын­да рейдтік іс-шараларды жиі ұйымдастырады.

Жуырда оларға қала тұрғын­дарынан облыс орталығындағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшылар құрылыс алаңына жақын өсіп тұрған ағаштардың тамырларын зақымда­ға­ны туралы хабар түскен. Тексеру барысында құрылысшы­лардың ағаштардың бүлінуіне қатысы бар екені расталды. Ал­ғашында бұл дерек әкімшілік заңнама шеңберінде қаралды, алайда сараптама нәтижесінде 1086750 теңге шығын келтіріл­гені белгілі болды.

Шығын көлемі үлкен бол­ған­дықтан, материалдар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тараптар медиативтік ке­лісім жасасты. Келтірілген за­лал толығымен өтелді.

– Жыл басынан бері таби­ғат­ты қорғау полициясы Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 3 істі тексерді. Жалпы 12 ай ішінде облыс аумағында табиғатты пайдалану саласын­да 38 қылмыс тіркелген. Оның 15-і заңсыз аң аулау фактісіне қатысты, 1 бұғы, 20 сібір елігі атылған. Сондай-ақ аң аулау ережелеріне қатысты 183, балық аулау ережелеріне қатысты 43 дерек анықталды, – деді об­лыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бас­қармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp