«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халық партиясы фракциясының өкілдері Қызылжар өңіріндегі алғашқы кездесуін облыстық мәслихат депутаттарымен өткізіп, жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдаймен танысты.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко түрлі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы жайлы баяндап берді.

ҚХП парламенттік фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов Мәжілісте қабылданған заңдар туралы ақпараттармен бөлісті. Талқылау барысында мәжілісмен Кенжеғұл Сейтжан еліміздің дамуы үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында халықтың игілігіне бағытталған бірлескен жұмыстар жайлы айтылып, әртүрлі партиялар ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында тізе қосса, Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасы жақсарады деген қорытындыға келді.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж ұжымымен ашық диалог түрінде ұйымдастырылған кездесуде білім саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі Ирина Смирнова сұрақтарға жауап беріп, заңға бірқатар өзгерістер енгізілгенін, ол бойынша студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтуі кезінде ақы төлеу жайы қарастырылғанын айтты.

Бұдан бөлек “Серпін – 2050” бағдарламасы аясында оңтүс­тік жақтардан мамандар тарту, теріскейге келген жастарды орнықтыру, әлеуметтік қамқорлық жасау, жобаны толықтыру, өзгерістер енгізу мәселелері де қамтылды.

Қазақстан халық партиясы фракциясы мүшелерінің Абай атындағы қалалық қазақ мектеп-гимназиясында заңгерлер қауымдастығымен өткен жүздесулері де әсерлі болды.

Парламент Мәжілісінің депу­таттары М.Магеррамов, И.Сұңқар, И.Смирнова Қызылжар ауданының бірқатар мекемелерін аралады. Атап айтқанда, Прибрежное елді мекеніндегі дәрігерлік амбулато­рияның, “Қызылжар сүт” тауарлы-сүт фермасының ұжымдарымен кездесіп, екі-жақты сұхбат кезінде ой-пікірлер алмасты. “Ахмуддинов” жеке кәсіпкерлігінде оңтүстік өңірлерден көшіп келген отба­сылармен әңгімелесті. “Парасат” мектеп-лицейінде аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен “дөңгелек үстел” ұйым­дастырылды.

Есіл ауданында депутаттар Халыққа қызмет көрсету ор­талығына, Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне, дене шы­нықтыру-сауықтыру кешеніне ат басын тіреп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

Қазақстан халық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp