«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде облыста көзі тірі 4 соғыс ардагері ғана қалды. Солардың бірі – Федор Щеглов 17 жасында әскер қатарына шақырылып, 371 атқыштар дивизиясының құрамында Кенигсберг түбінде жаумен бетпе-бет келген. Жеңісті Красноярск қаласында қарсы алып, қуанышында шек болмапты.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің шаңырағына барып, туған күнімен құттықтады.

“Аға ұрпақ сұрапыл соғыстың ең ауыр сынақтарын, одан кейінгі кезеңнің қиындықтарын бастан өткерді. Батырларымыздың еңбек және өмір жолы, Отанға деген сүйіспеншілігі – бәрімізге үлгі. Жас буын олардың ерліктерін мақтан тұтады және бас иеді”, – деген Ғауез Торсанұлы соғыс ардагеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Федор Васильевич өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. “Ол кезде әлі 18-ге тола қоймаған балаң қалпым еді. Күзге қарай көлікпен алып кетті. Анам байғұс жылап қала берді”, – дейді соғыс ардагері.

Уфа қаласы маңындағы бірнеше айлық оқу-жаттығудан соң небір жорықтарда толарсақтан саз кешкен. Жапонияға қарсы соғысты қыркүйекте аяқтап, кеудеге екінші дәрежелі “Отан соғысы” орденін, “Жапонияны жеңгені үшін” медалін, басқа да марапаттарды тағып оралған.

Бейбіт өмірде ұзақ жылдар бойы құрылыс саласында еңбек еткен. Марқұм зайыбы екеуі 5 бала өсіріп, тәрбиелеген. 5 немеренің, 13 шөберенің атасы.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp