«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқықтары қорғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр облыстағы адам құқық­тары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігіне 340 өтініш түсіпті. Оның 202-сі хат түрінде жолданған. Бұл жайында өңірлік коммуникация­лар қызметінде өткен баспасөз мәс­лихатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңіріміз бойынша өкілі Жанат Жұмабаев баяндады.

Өткен жылы атқарылған жұ­мысты қорытындылаған Жанат Жұмабаевтың айтуынша, ұлттық орталықтың көмегіне жүгінгендердің құжаттама жүргізу ісі бойынша сұрақтары тиісті құзырлы органдар мен Өзбекстан, Ресей елдерінің ел­шіліктеріне жіберілген.

– Былтыр 138 жеке қабылдау өткіздік. Түзеу мекемелерінде сот­талған 83 адамның өтінішін қара­дық. Кездесулердің басым бөлігі темір тордың арғы жағында отыр­ғандарды күтіп-ұстау, заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау­ға қатысты болды, – дейді адам құ­қықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Жанат Жұмабаев.

Жалпы Қазақстандағы адам құ­қықтары жөніндегі уәкілге тұр­ғындар 5773 өтініш пен арыз жолдапты. Оның 5623-і қаралып, 3629-на қатысты түсініктеме берілді. Ал 800-і құзырлы органдарға жолдан­са, 838-і сұраныс бойынша қанағат­тандырылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp