Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Чемпионат аясында жергілікті “Құлагер” клубы Өскеменде “Торпедоға” қарсы ойын өткізді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз есе жіберді.
Кездесуде есепті бірінші болып айдын иелері ашты. Клуб сапында Максим Базанов көзге түсті. Бірінші кезеңнің соңына дейін жерлестеріміз таразы басын теңестіре алмады. Қызылжарлық хоккейшілер ойынның екінші бөлімінде ғана жауап қайтарып, Никита Потапов нәтижелі соққының авторы атанды. Көп ұзамай солтүстікқазақстандықтар есепте алға шықты.
Дегенмен үшінші кезеңде өскемендіктер есепті теңестіріп ғана қоймай, жерлестеріміздің қақпасына үш бірдей шайба дарыта алды. Кейін Алексей Закарлюкин көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты. Ойынның нүктесін “Торпедо” хоккейшісі Богдан Сенотов қойды. Осылайша жерлестеріміз 5:3 есебімен жеңіліп қалды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.