Өңірде мектеп асханаларында ыстық тамақтың бағасы қымбаттады. Енді бір оқушы 614 теңгеге тамақтанады.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, желтоқсан айында мектеп асханаларында ыстық тамақтың бағасы 500 теңге болатын. Енді оның құны 20 пайызға өсіп отыр.
– Ыстық тамақтың құны азық-түлік бағасына сәйкес көтерілді. Енді ыстық тамақ орта және жоғары буын оқушылары үшін – 614 теңге. Ал бастауыш сыныптарда оқитындар тегін тамақтанады. Биылғы оқу жылында облыс бойынша тегін тамақпен 37410 оқушы қамтылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2,8 млрд. теңге қарастырылды, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Рахымжан ЕЛУБАЙҰЛЫ.