«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құнды құжаттар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бір ғасырлық тарихы бар Солтүстік Қазақстан мемлекет­тік архивінің қоры Алаштың ар­дақты перзенті Мағжан Жұма­баевтың өмірі мен шығармашы­лығына қатысты жаңа құжаттар­мен толықты. “Архив – 2025” бағ­дарламасы аясында мұрағатқа Омбы қаласынан Мағжан Жұ­мабаевтың саяси қайраткерлігін көрсететін 1918 жылғы түпнұсқа құжаттар әкелінген.

Сонымен қатар архив қызмет­керлері Мағжан ақынның 1928 жылы шыққан “Жүсіп хан” ертегісінің көшірмесін кирилица әліпбиіне аударып, кітапша шы­ғарған. Әзірге бұл құнды кітаптың жалғыз нұсқасы тек біздің об­лыстағы архивте бар екен. Со­нымен қатар архив қорына асыл тұлғаның 1927 жылы Мәскеуде басылып шыққан электр тоғы жөніндегі, яғни физика оқулы­ғының түпнұсқасы да әкелінген.

– Қазан қаласының универ­ситетінде Лобачевскийдің атын­да кітапхана бар. Соның қол­жаз­балар бөлімінде өте құнды материалдар кездеседі.  Олар­дың көбі біздің өлкеміздің тари­хына байланысты деректер. Сол жерде Қызылжарлық ақын-жазушылардың өміріне байла­нысты қолжазбалар сақталып тұр екен, – дейді Солтүстік Қа­зақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp