«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛІН ПЫШАҚТАП ТАСТАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйелін азаптап өлтіріп, де­не­сін көміп тастаған Надир Аб­ду­лаевқа қатысты сот үкім шы­ғарды.

Виктория Абдулаева өткен жылдың шілде айында күйеуінің қолынан жантәсілім еткен бола­тын. Күйеуі оны үйдің жанында­ғы орманға апарып, бірнеше рет пышақ салған. Сосын інісі Иса Гасанов екеуі марқұмның денесін сол маңға көміп тастаған.

“Абдулаев пен Гасанов үйге келіп, киімдерін жуып, қан ізде­рін кетірген. Кей айғақ заттарды қо­қыс жәшігіне лақтырған”, – де­лін­ген облыстық қылмыстық іс­тер бойынша мамандандырыл­ған ауданаралық соттың үкі­мінде.

Сотта Надир Абдулаев кінә­сін мойындап, тү­сі­ніктеме берді. Ол 13 шілде күні түнгі 3-тер шамасында үйіне келгенде әйелінің ішімдік ішіп ал­ғанын көреді. Содан үйде жан­жал басталып, кішкентай қызы ұрысты естімес үшін далаға шығады. Виктория оны балағаттап, ажы­расатынын айтқан. Бұған шыдамаған ол бетінен ұрып жібереді. Викторияның қолындағы пышақты жұлып алып, бірнеше рет сұққан.

Прокурор айыпталушыны 11 жылға, ал Иса Гасановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот Надир Абдулаевты 10,5 жылға, Иса Гаса­новты 1,5 жылға темір торға жабуға үкім шығарды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.  Ал Абдулаевтардың кішкентай қызының тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

 Мағжан АХМАДИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp