«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Білімпаз оқушылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы халық­аралық олимпимпиада өтті. Білім бәйгесі осымен 20-шы рет ұйымдастыры­лып отыр. Додаға қатысқан жер­лестеріміз екі жүлделі орынға ие болды.

Білім сайысына солтүстік­қазақстандық оқушылардан құралған команда қатысты. Өңір на­мысын қорғаған “Бірінші қалалық жал­пы білім беретін IT-лицей КММ-ның 11-сынып оқушылары екі жүлделі орын­ды қан­жығаларына байлады. Математи­ка пәнінен қатысқан Да­ниил Аксе­нов күміс медальді енші­леді. Ал фи­зикадан бағын сынаған Роман Ос­тафейчук қола жүлдегер атанды. “Мен математиканы сүйіп оқимын. Бұл пәнді жетік меңгеру үшін оқу­шыға математикалық фор­мула­ларды білу маңызды. Қиял­дың жүй­ріктігі де – керек қасиет­тердің бірі. Сайысқа біраз уақыт дайындал­дық. Еліміздің барлық өңі­рінен жиналған талапкерлер осал бол­мады. Мені осынау күрде­лі де қиын пәнге баулыған ұстазы­ма алғыс айтамын”, – дейді Даниил Аксенов.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp