Полицейлер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғынының көлігінен екі аңшы мылтығын тапты. Қарудың бірі тіркелмелеген болып шықты.
“Audi” көлігінде екі адам болған. 26 жастағы жүргізуші 12 калибрлі “ИЖ-58” мылтығын жақында Есіл өзенінің жағасынан тауып алғанын айтты. Аңшы бұл олжаны сынап көру үшін досымен бірге бірнеше рет тәжірибе жүргізген. Енді ауылдықтар қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білу бойынша қайта емтихан тапсырады.
“Qyzyljarnews.kz”.