«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мектепте тамақ қымбаттады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде мектеп асханала­рында ыстық тамақтың бағасы қымбаттады. Енді бір оқушы 614 теңгеге тамақтанады.

Облыстық білім басқарма­сы­ның мәліметінше, желтоқсан айында мектеп асханаларында ыстық тамақтың бағасы 500 теңге болатын. Енді оның құны 20 пайызға өсіп отыр.

– Ыстық тамақтың құны азық-түлік бағасына сәйкес кө­те­­рілді. Енді ыстық тамақ орта және жоғары буын оқушылары үшін – 614 теңге. Ал бастауыш сы­ныптарда оқитын­дар тегін та­мақ­­танады. Биылғы оқу жы­лын­да облыс бойынша тегін та­мақпен 37410 оқушы қамтыл­ған. Бұл мақ­сатқа жергілікті бюд­жеттен 2,8 млрд. теңге қа­растырыл­­­­ды, – дейді облыстық білім басқарма­сы­ның баспасөз қызме­ті.

Рахымжан ЕЛУБАЙҰЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp