Талдықорғанда волейболдан қыздар арасында қысқы ел біріншілігі өтті. Жарысқа 2009-2010 жылдары туған бойжеткендер қатысты. Чемпионатта өңір намысын “Қуаныш” командасы қорғады.
Биылғы қысқы чемпионатқа 19 команда қатысты. Жерлестеріміз 7 ойын өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.
Жартылай финалда “Қуаныш” талдықорғандық “Жетісу” клубын 3:2 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алды. Финалда солтүстікқазақстандық ұжым өскемендік “Алтай” командасына қарсылас атанды. Бес кезеңге созылған тартысты ойында қызылжарлық бұрымдылар 3:2 деген нәтижені тіркеп, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.